1 наурыз – Алғыс айту күнІ!
«Бағлан-2018» бөбекжай-бақшасы филиалында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге алғыс айту, ризашылық білдіру, үлкендерді құрметтеу және достық қарым-қатынасты нығайту құндылықтарын түсіндіру. Мереке барысында балалар тақпақ айтып, ән шырқап, бір-біріне, ата-аналарына және тәрбиешілеріне алғыс сөздерін білдірді. Сонымен қатар, «Алғыс жүректен» тақырыбында көріністер қойылып, балалардың шығармашылық қабілеттері дамытылды.